Кеше мектебімізде Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған “Менің Сәкенім” атты әдеби-сазды кеш өтті
Әдеби-сазды кештің мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту, оның әдеби және мәдени мұраларын дәріптеу болды.
Кештің құрметті қонағы – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, жүсіпектанушы, Сәкен Сейфуллин мұрасын зерттеуші әрі белгілі әдебиеттанушы, Тұрсынбек Кәкішевтің шәкірті Рақымжан Сағымбекұлы Тұрысбек болды.
Кеш барысында мектептің талантты оқушылары мен ұстаздары дайындаған “Менің Сәкенім” атты қойылым қойылды. Сәкеннің анасының рөлін әріптесіміз Сапарова Венера Базарғалиқызы асқан шеберлікпен сомдаса, Сәкеннің балалық шағының бейнесін Абдулрахим есімді оқушымыз әсерлі жеткізді. Жоғары сынып оқушылары Сәкеннің әдеби шығармаларына негізделген сахналық қойылым ұсынып, көрермендердің үлкен ықыласына бөленді. Сонымен қатар, мектептің көркемсөз шеберлері Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін нақышына келтіре оқып, оның шығармашылық мұрасын тереңірек ұғынуға мүмкіндік жасады.

