05 желтоқсан күні тарих апталығы аясында және келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы – археология ғылымында» тақырыбындағы танымдық кездесу өтті.
Кездесу қонағы археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Парасат орденінің иегері, Самашев Зейнолла Самашұлы.
Зейнолла Самашұлы оқушыларға жалпы еңбек жолы, археология саласына қалай келгені және ашқан еңбектері мен қазба жұмыстары жайлы әңгімелеп айтып берді.
Ұйымдастырушы: пән мұғалімі Сагандыков Т.К.
